27 қазандағы дерек бойынша, соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Түркістан облысындағы егіс алқаптары су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы суарылады.
28 қазанда министрлік соңғы үш жылда 138 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізгенін хабарлады.
29 қазанда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында каскадты су электр станциялары бар топтық су құбырын салу жобасы бойынша келісімге қол қойды. Жоба Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында жүзеге асырылады.