2026 жылдың 10 айында теміржол көлігімен 12,1 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 11,2 млн тоннадан 9%-ға көп.
Экспорттық тасымал көлемі 9,4 млн тоннаға жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсті. Былтыр осы уақытта 8,5 млн тонна астық экспортталған.
Экспорттың негізгі бөлігі Орталық Азия елдеріне тиесілі: 6,2 млн тонна, бұл былтырғы көрсеткіштен 27%-ға артық. Өзбекстанға 4,6 млн тонна (+35%), Тәжікстанға 1,3 млн тонна (+18%) жөнелтілді. Ауғанстанға 855 мың тонна астық тасымалданды — бұл өткен жылғыдан 3,4 есе көп. Қытайға тасымал 935 мың тонна болып, 65%-ға артты.
Жаңа өнімді тасымалдау жалғасып жатыр. Қазан айында теміржолмен 1,4 млн тонна астық жеткізілді.
Тасымалдың үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін 16,9 мың астық тасығыш вагон, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Қажет болған жағдайда тасымал көлемін ұлғайтуға қосымша мүмкіндік қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жаңа өнімді тұрақты әрі уақытылы жеткізу үшін теміржол тасымалын ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі Астық штабын құрды. Ол тасымалға қатысушылардың жұмысын үйлестіріп, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның дайындығын бақылап, туындаған мәселелерді жедел шешуге көмектеседі.