Қазақстанда 2026 жылы геологиялық барлау жұмыстарына арналған 112 учаскені электрондық ашық аукционға шығару жоспарланған. Бұл туралы Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.
Министрдің сөзінше, 2023–2025 жылдары аукционға 126 учаске қойылған. Саудаға қазақстандық және шетелдік компаниялар, соның ішінде Қытай мен көршілес елдердің инвесторлары қатысады.
Инвесторлардың учаскелерді геологиялық зерттеу, бұрғылау, жергілікті қамтуды дамыту, тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ мамандарды даярлау және оқыту жөніндегі міндеттемелеріне ерекше назар аударылады.