Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақтелеком» АҚ, Network School, Баладжи Шринивасан және Шервин Пишевар, сондай-ақ Sofreh Capital, Edison және Alpha қатысты.

Меморандум технологияларды, инфрақұрылымды және капиталды біріктіріп, халықаралық нарықтарға шығуды көздейді.