Құрылтай Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау шарты туралы конвенцияның электрондық жүкқұжатқа қатысты қосымша хаттамасын ратификациялады. Құжат 2008 жылғы 20 ақпанда Женевада қабылданған.
Хаттама деректерді электрондық тіркеу және өңдеу әдістерін пайдаланып, жүкқұжатты электрондық түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық тасымалдағы құжат айналымын цифрландыруға жол ашады.
Қазақстанның хаттамаға қосылуы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс шарттарын біріздендіру үшін қажет.