Ташкентте «Қытай – Орталық Азия» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық биліктері екіжақты келіссөз өткізді.
Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, ал Өзбекстан тарапын Көлік министрлігі Әуе көлігі басқармасының бастығы Джамолиддин Назаров басқарды.
Келіссөзде тараптар әуе қатынасын кеңейту, тұрақты рейстер жиілігін арттыру және екі елдің ірі қалалары арасындағы әуе тасымалының қолжетімділігін көтеру мәселелерін талқылады.