Қазақстан кәсіпорындары Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жаңа кооперациялық жобаларына қатысады. Бұл туралы шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті онлайн отырысында қабылданды.
Қазақстан тарапын отырыста Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.