Вашингтонда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Chevron корпорациясының upstream жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті.
Тараптар Теңіз кен орнын игеру, геологиялық барлау және көмірсутектерді тасымалдау мәселелерін қарады. Кездесуде «Теңізшевройл» ЖШС-нің Lean Gas Modification (LGM) жобасын уақтылы жүзеге асырудың маңызы атап өтілді. Жоба салынып жатқан Газосепарациялық кешенге құрғақ газ жеткізуге бағытталған.
Газосепарациялық кешеннің өнімі ұлттық компания серіктестерімен бірге салып жатқан полиэтилен зауытына шикізат болады.