Вашингтонда ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларден кездесті.
Кездесуде екі компания да қатысатын Теңіз және Солтүстік-Каспий жобаларын іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық, геологиялық барлау, тасымалдау, озық технологияларды енгізу және мұнай-газ саласындағы өндіріс тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Асхат Хасенов ҚМГ-ның ExxonMobil компаниясымен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Оның сөзінше, компания қазіргі жобалар мен болашақ бастамалар аясында америкалық әріптестерімен бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын.