Мәскеуде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токарев кездесті.
Тараптар мұнай тасымалдау және транзит саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
ҚазМұнайГаз басшысы Каспий құбыр консорциумы, Атырау — Самара және Махачкала — Новороссийск бағыттарының стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстан көмірсутектерінің экспортында маңызды рөл атқарады.