«ҚазТрансОйл» АҚ «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің «Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырының SCADA жүйесін компанияның диспетчерлік бақылау және басқару жүйесіне біріктіруді аяқтады. Бұл «ҚазТрансОйл» және оның бірлесіп бақылайтын еншілес ұйымдарының мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдауын жедел басқарудың бірыңғай орталығын құрудағы соңғы кезең болды.
Жоба қорытындысында сегізінші технологиялық учаске құрылды. Оның құрамына № 8, 9, 10 және 11 мұнай айдау станциялары, сондай-ақ желілік ысырма тораптары кірді.
Жұмыс аясында SCADA бағдарламалық-техникалық шешімдері біріктіріліп, желілік байланыс бапталды және ақпараттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейі қамтамасыз етілді. Басқару алгоритмдері, қорғаныс және бұғаттау жүйелері, сондай-ақ авариялық сигнализация кешенді тексеруден өтті.