5 қарашадан бастап жаңа Stadler жолаушылар вагондарынан жасақталған № 3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» және № 153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойыздарына билет сату басталды.
Алғашқы құрамдар Астанадан Алматыға 11 қарашада, Семейге 13 қарашада жолға шығады. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.
Жаңа вагондарды іске қосу Мемлекет басшысының жолаушылар жылжымалы құрамын жаңарту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Келісімшарт бойынша 2030 жылға дейін сервистік қызмет көрсетумен бірге 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізу көзделген.