Алматы облысында орналасқан Oi-Qaragai тау курорты Ski Business Awards халықаралық салалық сыйлығының «ТМД елдерінің үздік тау шаңғысы кешені» аталымында жеңімпаз атанды.
Жыл сайынғы сыйлық тау шаңғысы индустриясы өкілдерін біріктіретін Туристік аумақтар форумының (FTT) аясында өткізіледі. Жүлделер курорт инфрақұрылымын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және туристік қызмет сапасын арттыру үшін беріледі.
Oi-Qaragai бұған дейін де халықаралық марапаттарға ие болған. Курорт «Үздік IT-шешім» және «Балалар лагерінің үздік бағдарламасы» аталымдарында лауреат атанса, 2025 жылы маркетинг саласындағы жетістіктері үшін марапатталған.