Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриялық аймағында өндіріс орындарына қызмет көрсетуге арналған теміржол тұйығының құрылысы аяқталды. Атқарылған жұмыстармен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков танысты.
Теміржолдың жалпы ұзындығы — 6,4 шақырым. Жол төселіп, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді.
Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетіп, индустриялық аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.