Абай облысында «Аягөз – Тарбағатай» автожолының жөндеуі аяқталып, жол қозғалысы ашылды. Бұл — республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаз» жолының бір бөлігі. Жергілікті тұрғындар жолды жөндеу мәселесін ұзақ уақыт көтерген.
Ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Оның айтуынша, бұрын Аягөзден Тарбағатайға дейінгі жол екі сағатқа созылса, қазір бұл бағытты 40 минутта жүріп өтуге болады. Жол Ақсуат, Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұрғындары үшін де маңызды көлік бағыты саналады.
Облыс аумағындағы жол 1978–1980 жылдары салынған және ұзындығы 618 шақырым. Өткен жылы оның 15 шақырымы орташа жөндеуден өтті, биыл тағы 66 шақырымы толық жөнделді.