Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында «Еңбек» ЖШС-нің 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауар фермасы жұмысын бастады.

Бұл — осындай ауқымдағы және роботтандыру деңгейіндегі Қазақстандағы алғашқы кешен. Мұнда негізгі өндірістік процестер автоматты түрде орындалады, ал адамның қатысуы барынша азайтылған.