Ресей мен Қытай ғалымдары тіндердің өсуін ынталандыратын имплантат жасады
3D-принтермен жасалған бұйым магнит өрісінің әсерінен электр сигналын тудырып, уақыт өте ағзада ериді.
Ресей және Қытай ғалымдары сүйек, жүйке тіндері мен қан тамырларының өсуін ынталандыратын биорезорбцияланатын имплантат әзірледі. Тәжірибеде сүйек тінінің түзілу жылдамдығы 4,6 есе, ал зақымданған аймақтағы жүйке талшықтарының саны 3,1 есе артқан.
Ресей және Қытай ғалымдары сүйек, жүйке тіндері мен қан тамырларының өсуін ынталандыратын, 3D-принтермен басып шығарылған биорезорбцияланатын имплантат ұсынды. Емдік әсерді іске қосу үшін кәдімгі магнит өрісі жеткілікті.
Имплантаттағы магнитоэлектрлік нанобөлшектер магнит өрісінің ықпалымен электр сигналын туғызады. Бұл сигнал тіндердің өсуін ынталандырады, ал құрылғы уақыт өте ағзада ериді. Сондықтан оған электродтар мен сым арқылы жалғанатын қуат көзі қажет емес.
Жобаны Ресейдің Ұлттық ғылым және технология университеті МИСИС пен Томск политехникалық университетінің ғалымдары Қытай ғылым академиясының Шанхай керамика институтындағы әріптестерімен бірлесіп әзірледі.
Жарнама
Сонымен қатар МИСИС ғалымдары Сколтех, ИТМО, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және Дағыстан мемлекеттік университетінің зерттеушілерімен бірге магнитоэлектрлік нанокомпозиттердегі жергілікті электрлік жауапты өлшеудің жаңа тәжірибелік мүмкіндіктерін көрсетті. Олар нейростимуляцияда қолданылуы мүмкін аса жылдам, жылумен индукцияланатын магнитоэлектрлік әсер тұжырымдамасын ұсынды.
Ұсынылған технология сүйек тінінің түзілу жылдамдығын 4,6 есе, ал зақымданған аймақтағы жүйке талшықтарының санын 3,1 есе арттырған.
Зерттеулер Ресей ғылыми қорының гранттарымен қолдау тапты.