14 және 15 қарашада Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары және қонақтары ет өнімдерін қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінен тікелей сатып ала алады.
Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және Қазақстанның басқа облыстарындағы фермерлік шаруашылықтар қатысады. Еттің бір келісі 3 300 теңгеден басталады.
Жәрмеңке жыл соңына дейін демалыс күндері үш жерде өтеді: «Keruen Joly» сауда орталығы — Алаш тасжолы, 35Б; «Ет Әлемі» сауда орталығы — Алаш тасжолы, 31/1; «Jurt» сауда орталығы — Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
14 және 15 қарашада сауда орындары сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. «Keruen Joly» және «Ет Әлемі» сауда орталықтарына № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобустарымен жетуге болады. «Jurt» сауда орталығына № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобустары барады.
7–8 қарашада өткен алғашқы екі күнде шамамен 150 тонна ет өнімі сатылды. Жоба аясында барлығы 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланған.
Жәрмеңке отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, өнімді тікелей өткізу арналарын дамытуға және қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.