Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Питер Кауфманмен кездесті.

Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және америкалық инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім беру және туризм салаларындағы байланыстарды нығайту жайын да сөз етті.