Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Түрікмен-өзбек шекара маңы сауда орталығының ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов үкімет отырысында сапарға дайындық жөніндегі есебінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа орталық екі мемлекет арасындағы түрлі бағыттағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге маңызды құрал болады.
Сапар аясында Түрікменстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші консультативтік кездесуіне қатысады. Кездесуде мемлекетаралық ынтымақтастық және өңірдегі өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланады.