Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 23 қазанда Eldridge Industries компаниясының тең құрылтайшысы, төрағасы және бас директоры Тодд Боэлиді қабылдады.
Кездесуде АҚШ-тың жетекші корпорациясымен ірі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.
Мирзиёев ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтті. Олардың қатарында тау-кен өнеркәсібі, металлургия, құрылыс және қалалық инфрақұрылымға цифрлық шешімдерді енгізу салаларындағы әріптестікті кеңейту бар.