Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 23 қазанда «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвты қабылдады.
Кездесуде елдегі алғашқы интеграцияланған атом электр станциясы жобасын жүзеге асыру және онымен байланысты инфрақұрылымды озық технологиялар мен білім негізінде дамыту мәселелері талқыланды.
Бірінші реактор ғимаратының іргетасын қалау және атом электр станциясын жобалау жұмыстары жалғасып жатқаны атап өтілді.