Qazaq Creative Креативті индустрияларды дамыту қоры отандық әдебиет, кітап шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдау конкурсының қорытындысын жариялады.
Конкурсқа барлығы 172 өтінім түскен. Іріктеу нәтижесінде 10 жоба жеңімпаз атанды, оларды іске асыруға 50 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Бір жобаға берілетін грант мөлшері 5 млн теңгеге дейін.
Қолдау алған бастамалардың қатарында қазақ тілінде оқуға арналған цифрлық кітапханалар мен платформалар құру, балалар кітаптары мен комикстер шығару, жасанды интеллект қолданылатын интерактивті білім беру өнімдерін әзірлеу бар.