Астанада 2025 жылдың күзінде әскерге шақырылған әскери қызметшілерге мемлекеттік білім гранттары мен оқу орындарын бөлу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оған күштік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Отырыстың қорытындысы бойынша елдегі азаматтық және ведомстволық жоғары оқу орындарында 1 040 орын бөлінді. Оның 800-ін Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттары ретінде бөлсе, 240 орын күштік құрылымдардың жоғары оқу орындарына тиесілі.
Конкурс «Срочники 2.0» платформасы арқылы цифрлық форматта өтті. Үміткерлерді іріктеу кезінде жауынгерлік даярлық нәтижелері, әскери тәртіп деңгейі, қызметтік міндеттерді орындау сапасы, психологиялық дайындығы және тестілеу қорытындылары ескерілді.