Қызмет тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, тіркемелерге, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорация және жол-құрылыс машиналарына жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау өткізуге арналған.
Өтінім беру үшін «Электрондық лицензиялау» порталына кіріп, жүйеге кіру немесе тіркелу қажет.
Қызмет паспортымен танысып, құжаттар топтамасын тексергеннен кейін «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ қажетті қызмет түрін таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басуға болады.