Алматыда бір жыл ішінде мерзімі өткен 1 200 келіге жуық дәрі жиналып, қауіпсіз кәдеге жаратылды. Тұрғындар дәрілерді қаладағы емханаларға қойылған арнайы жәшіктерге тапсырған.

Мұндай жәшіктер Алматының 38 қалалық емханасында орнатылған. Жинау өткен жылдың жазында басталған.