Алматы облысына халықты қатты отынмен қамту үшін 379 мың тонна көмір жеткізілді. Алдағы жылыту маусымында өңір тұрғындары 666 мың тонна көмір пайдалануды жоспарлап отыр. Қажетті көлемнің 57%-ы көмір қоймаларына жеткізілді, қалғаны жылыту маусымы аяқталғанша кезең-кезеңімен тасымалданады.
Облыста көмір сататын 35 пункт жұмыс істейді. Онда негізінен «Шұбаркөл», «Қаражыра» және «Ой-Қарағай» кен орындарының көмірі сатылады. Бір тонна қатты отынның бағасы 24 мыңнан 27 мың теңгеге дейін. Құны қойманың орналасуы мен теміржол тұйығынан қашықтығына байланысты болғандықтан, елді мекендерде баға әртүрлі болуы мүмкін.
Теміржол тұйығы жоқ елді мекендерге көмір автокөлікпен жеткізіледі. Райымбек және Кеген аудандарының шалғай елді мекендерін қатты отынмен қамтамасыз ету үшін жергілікті «Ой-Қарағай» кен орнының көмірі пайдаланылады.