Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесінің Өтеген батыр көшесінен Сайын көшесіне дейінгі бөлігін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Жаңартылған аумақтың көлемі — 8,38 гектар, жоба шамамен 5 200 тұрғынды қамтиды.
Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылып, 11 495 шаршы метр тротуар, 4 329,6 шаршы метр асфальт және 1 968 шаршы метр резеңке жабын төселді. Аумақтың 31 812 шаршы метрі көгалдандырылды: 464 ағаш және 21 757 сәндік бұта отырғызылып, 6 095 шаршы метр гүлзар мен 25 717 шаршы метр көгал жасалды. Жасыл желектерді суару жүйесі де осы аумақты қамтиды.
Тұрғындарға арнап 35 демалыс орны, 11 балалар ойын кешені, 16 спорт жабдығы және 9 әткеншек орнатылды. Аумақта орындықтар мен қоқыс жәшіктері де бар.