2026 жылғы 22 қазанда Ашхабадта Орталық Азия елдері және Моңғолияның білім саласына жауапты министрлері көптілді білім беруді дамыту жөніндегі өңірлік әріптестік мәселелерін талқылады.
Жиынға өңір елдерінің бейінді ведомстволарының өкілдері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.
Қатысушылар ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық көптілді оқыту тәсілдерін ескере отырып жетілдіру туралы пікір алмасты. Олар тілдік құзыреттерді дамыту, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби әлеуетін нығайту маңызды екенін атап өтті.