Тараз қаласындағы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығында жаңа туған нәрестеге күрделі жүрек отасы жасалды.
Тоғыз күндік сәбиге жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр туа біткен ақауы — магистральды артериялардың транспозициясы диагнозы қойылған. Бұл дерт өмірінің алғашқы күндерінде хирургиялық араласуды қажет етеді.
Ота Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Дмитрий Горбунов және Жамбыл облысының штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Икромжон Мухамедовтің қатысуымен сәтті өтті.