Ақтөбе облысында Изімбет ауылы мен Ембі қаласы арасындағы автожолдың 40 шақырымына орташа жөндеу аяқталды. Жаңартылған учаске көлік қозғалысына ашылды.
Жолдың жағдайы ұзақ жылдар бойы жергілікті тұрғындар мен жүргізушілердің наразылығын тудырған. Жол төсемінің бұзылуы және шұңқырлар жүруді қиындатқан.
KZ04-02 «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» республикалық маңызы бар автожолы 1960–1970 жылдары салынған. Оның жалпы ұзындығы — 401 шақырым.