Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісінің өкілдері волонтерлікті дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған Hong Kong Bootcamp 2026: Roots and Routes – Art Festival and Village Community халықаралық жобасына қатысты.
Бағдарламаның негізгі алаңы Гонконгтегі Кат-О (Kat O) аралындағы ауыл болды. Қатысушылар жергілікті тұрғындардың өмірімен танысып, қоғамға пайдалы бастамаларға атсалысты.
Жоба аясында қатысушылар жергілікті өнер фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге көмектесіп, тұрғындармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс істеді.