eGov Mobile қосымшасында үй жануарының цифрлық паспортын бірнеше секундта ашып, қажет болған жағдайда көрсетуге болады.

Құжатта жануар туралы негізгі мәліметтер, соның ішінде вакцинация туралы ақпарат және басқа да маңызды деректер қамтылған.

Паспортты ашу үшін қосымшадағы «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Басқа құжаттар» санатын таңдаңыз. Содан кейін «Үй жануарының паспорты» құжатын ашыңыз.