Қазақстанда орманды қалпына келтіруге және өрттен қорғау инфрақұрылымын нығайтуға 500 млн теңге бөлінді. Қаржы «Самұрық-Қазына» қолдауымен бағытталды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман қорын сақтау, орман өрттерінен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру және жаңа өрттердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.