«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Қазмедиаорталықтың коворкинг-аймағында қызметкерлерге арналған кітап кеңістігін ашты. Бастама «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылды.
Жоба оқуды насихаттауға, әдебиетке қызығушылықты арттыруға және қызметкерлердің интеллектуалдық әрі кәсіби дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Кітап қоры 800-ден 1 000-ға дейін басылымды қамтиды. Корпорация қызметкерлері кітаптарды өздеріне ыңғайлы уақытта пайдалана алады. Бастаманы дамыту үшін ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспары қарастырылған.
Кеңістіктің ашылуында корпорацияның телехикаялар өндіру бөлімінің бас редакторы, ақын Олжас Қасымның екі поэзиялық жинағы таныстырылды.
Корпорация телеарнада, радиода және цифрлық платформаларда оқуды насихаттау жұмысын жүргізіп келеді. Эфирде әдеби мұраға арналған бағдарламалар көрсетіледі, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдаланып қазақ халық ертегілерінің анимациялық нұсқалары жасалған.
Оқу мәдениетін дамытуға алты арнайы жоба және 1 263 телебағдарлама арналған. Бұған қоса 18 деректі фильм, 40-тан астам бейнеролик және 300-ге жуық радиобағдарлама әзірленген.