16 қазанда негізгі азық-түлік өнімдерінің бірі саналатын нанның маңызына және оның азық-түлік қауіпсіздігіндегі рөліне назар аударатын Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі.

Астық әлеуеті зор Қазақстанда наубайхана саласы агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды бөлігі саналады. Ол астық өндіруді, ұн тарту өнеркәсібін және дайын өнім шығаруды біріктіреді.