Қазақстанда ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы бойынша қабылдау әлі басталған жоқ. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ хабарлады.

Кейбір БАҚ-та қазақстандықтар ескі көліктерін кәдеге жаратуға тапсырып, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификаттарын ала алады деген ақпарат тараған.

Министрлік және «Жасыл даму» АҚ осы хабарламаларға байланысты түсініктеме беруді қажет деп санайтынын мәлімдеді.