Қазақстанда алғаш рет өкпеге робот көмегімен операция жасалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Робот-ассистентті торакалдық хирургияның заманауи технологияларына арналған халықаралық мастер-класс Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында өтті.

«Өкпе туберкулезі кезіндегі робот-ассистентті хирургия: заманауи технологиялар және хирургиялық тәсілдер» атты мастер-класс аясында робот көмегімен операциялар жасалды.