Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындау жөніндегі бесінші және алтыншы біріккен мерзімді баяндамалары қаралды.
Қазақстан комитетке балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі реформаларды таныстырды.