Қазақстан Global Innovation Index-тің 2025 жылғы нәтижесі бойынша Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім» көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты. Әлемдік рейтингте ел 68-орын алды.
Халықаралық басқаруды дамыту институтының (IMD) әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның «Білім» субфакторы бойынша орны 2021 жылғы 45-орыннан 2025 жылы 38-орынға көтерілді. Рейтингке 69 ел кірген. Бұл — соңғы бес жылдағы ең жоғары нәтиже.
IMD-нің елдердің таланттар үшін тартымдылығы жөніндегі әлемдік рейтингінде Қазақстан орта білім жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер арақатынасы бойынша 69 елдің ішінде екінші орын алды. Қазақстанда бір педагогке 8,34 оқушыдан келеді.