Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жұмысын бағалаудың бірыңғай жүйесі әзірленіп жатыр.

Бағалау өлшемдеріне пациенттің бейінді маманның кеңесін қанша уақыт күтетіндігі және қажетті диагностикалық тексерулерден уақытында өтетін-өтпейтіні кіреді.

Сондай-ақ стационардан шыққаннан кейін пациентке әрі қарай медициналық бақылау жасалуы ескеріледі. Жаңа жүйеге осы және басқа да көрсеткіштер енгізіледі.