Моңғолияның білім министрі Л. Энх-Амгалан Ұлыбританияның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эдвин Самуэльмен кездесіп, білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады.
Тараптар ағылшын тілін оқыту сапасы мен қолжетімділігін арттыруға және мұғалімдердің біліктілігін дамытуға назар аударды. Үкімет қолдаған және ЮНИСЕФ-пен серіктестікте іске асырылған британдық жоба сегіз аймақтағы 219 мемлекеттік мектептің 739 ағылшын тілі мұғалімін даярлады. Бұл — елдегі осы пән мұғалімдерінің 20 пайызынан астамы.
Мұғалімдерді даярлау жүйесін жетілдіру үшін Cambridge Partnership for Education ұйымымен серіктестік орнату мәселесі қаралды. Сондай-ақ Моңғолия мемлекеттік білім беру университетінің әлеуетін арттыру, мұғалімдерді даярлау оқу бағдарламаларын жаңарту және педагогтер мен зерттеушілердің кәсіби дамуын қолдау талқыланды.