Моңғолияда биылғы соңғы бес айда елді мекендерге аю кіргені туралы полицияға 84 хабар түскен.
Осы жағдайлардың бірінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келген. Аю малға 45 рет, тұрғын үйлер мен мүлікке үш рет шабуыл жасаған.
Полиция тұрғындарды сақ болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Қоңыр аюға жақындауға, оны қууға немесе соңынан еріп суретке түсіруге болмайды.