2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қазанға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 407 145 қазақстандыққа 88,86 млн доллардан астам нысаналы жинақ төленді.
267 986 алушыға тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 58,29 млн доллар, ал 139 159 алушыға білім ақысын төлеу үшін 30,57 млн доллар аударылды.
2026 жылдың басынан 1 қазанға дейін 211 748 қазақстандық 57,59 млн доллар алды. Оның ішінде 145 981 алушыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға 38,86 млн доллардан астам, ал 65 767 алушыға білім ақысын төлеуге 18,73 млн доллар берілді.