Балқаш қаласы мен Қызыларай ауылы арасында жаңа тұрақты автобус бағыты ашылады. Жолаушылар 20 орындық Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусымен қатынайды, жол ақысы — 750 теңге.
Бағыт бойында микроавтобус Нарманбет, Сарытерек, Ақтоғай және Қаратал елді мекендеріне соғады.
Келесі аптадан бастап автобус әр бағытта аптасына екі рет жүреді. Балқаштан Қызыларайға сейсенбі және жұма күндері сағат 08:00-де шығады.