Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған шетелдік туристерге көмек көрсетті. Көліктері сазға батып қалған саяхатшылар 102 арнасына хабарласқан.
Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясынан келген туристер Арал теңізінің табиғатын тамашалап, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуды жоспарлаған. Жағалауға бара жатқан көліктері сазға батып, қозғалысын жалғастыра алмаған.
Хабар түскен соң оқиға орнына Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ержан Кулекенов пен табиғатты қорғау полициясының инспекторы Нурсултан Сагымбаев жедел жеткен.