Ұлытау облысының киберспорт және фиджитал федерациясы (UEPF) Қазақ ұлттық спорт университетімен (KNUS) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім жастардың кәсіби дамуына және киберспорт саласында білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Меморандум Астанада өткен TALENT BRIDGE 2026 форумы аясында жасалды.
Келісім бойынша федерация ұйымдастыратын турнирлерге қатысушылар университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысы үшін басым топтардың қатарына енгізіледі. Жоғары нәтиже көрсеткен жастарға алдағы уақытта білім гранттары мен оқу ақысына жеңілдіктер беру мүмкіндігі қарастырылмақ.