Жезқазғанда Ұлытау университетінің құрылысы аяқталуға жақын. Негізгі оқу корпусы мен спорт залының құрылысы аяқталып келеді, ал 140 орындық студенттер жатақханасы салынып жатыр.
Жоба «Қазақмыс» корпорациясының қатысуымен жүзеге асырылуда. Университет тау-кен өнеркәсібі, геология және металлургия салаларына қажетті мамандар даярлауға бағытталған.
Құрылыс барысымен Жезқазған әкімі Мұрат Бұрібаев танысты. Ол университеттің өңірдегі білім беру инфрақұрылымын дамыту және жастарға сапалы жоғары білім алуға жағдай жасау үшін маңызды екенін айтты.