Осакаровкада үй жануарлары және ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне қызмет көрсететін жеке ветеринарлық клиника ашылуға дайындалып жатыр. Жергілікті ветеринар Асхат Кусаинов аудан әкімінің екі миллион теңге грантын қажетті жабдық сатып алуға жұмсаған.
Кәсіпкер модульдік ғимаратты өз қаражатына сатып алып, қазір оны қабылдау орны ретінде жабдықтап жатыр. Ол бұған дейін аудан тұрғындарының үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарына барып қызмет көрсеткен.
Жаңа клиникада вакцинация, кастрация және стерилизация, чиптеу және халықаралық ветеринарлық паспорт рәсімдеу қызметтері ұсынылады. Сондай-ақ емдеу және алғашқы ветеринарлық көмек көрсетіліп, ветаптека жұмыс істейді.