Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисін 729 азамат пайдаланған. Олар алып жүрген әлеуметтік төлемдерінен өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдаған.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 36 әлеуметтік жәрдемақының 12 түрі бойынша мемлекеттік қолдау атаулы қағидатқа негізделеді. Көмек ең алдымен оған шынымен мұқтаж адамдарға бағытталады.
Сервис eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алушылар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жекелеген мемлекеттік қолдау түрлерінен бас тарту туралы электронды өтініш бере алады.